Қазақ тілін үйренуге бағытталған:
Сөздік қорды байытуға бағытталған:
Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:
Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:
Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:
Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:
Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмола облысы «Ы.Алтынсарин ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ.
«Балауса» жазғы лагерьіндегі балалар «Оқуға құштар мектеп» аясында ұйымдастырылған «Сиқырлы кітап» атты көрмеден кітаптар оқып, боямақтар мен жұмыс жасап үйренді. Сонымен қатар көрмеден «Алпамыс батыр», «Хан Шалхан», «Ер Тарғын», «Сиқырлы қолғап» т.б кітаптарымен оқып танысып, өз түсініктерімен бөлісті.
Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту; кітапқа деген қызығушылығын арттыру; Кітап арқылы ғана білімімізді толықтыра алатынымызды толық жеткізу. Сонымен қатар кітап арқылы қызықты мәліметтерді түсіндіру. Кітапты сүюге, кітапты ұқыпты ұстауға үйрету.
Сонымен қатар балалар кітапханаға саяхат барысында кітап туралы мақал – мәтелдер , тақпақтар ертегі кеійпкерлерімен танысты. «Кейпкерді тап», «ия, жоқ» , «Кітап емханасы » ойындары ойнатылды. Балалар кітап туралы қызықты мәліметтермен танысып мәз мейрам болып тарқасты.