"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ыбырай Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ыбырая Алтынсарина отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Электронды порталдар

Қазақ тілін үйренуге бағытталған:

tilqural.kz

abai.institute

Tilmedia.kz

balatili.kz

Сөздік қорды байытуға бағытталған:

Emle.kz

Termincom.kz

Sozdikqor.kz

Qazcorpora.kz

Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы:

Qujat.kz

Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық базасы:

Atau.kz

Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісіін сүйемелдеуге:

Qazlatyn.kz

Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған:

Tilalemi.kz

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022-2023 оқу жылында тамақтану сапасын анықтау

***************

Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
 Сондықтан, мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен ыстық тамақ, тегін ыстық тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.
 Мектеп асханасында азық-түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында ата-аналар комитеті төрайымы , мектеп әкімшілігінің ,медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия үнемі жұмысын жасауда. Перспективті ас мәзірі бойынша бірдей тағамдарды бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмейді. Оқушының  тамақтану рационына ет, сүт,  табиғи шырын, компот, кисель, балық,  қарабидай немесе бидай наны, көкөністер мен табиғи  ара балы  енгізіледі. 
Сапалы ұрпақ өсіру жолында  біз үшін ең бастысы- баланың  дұрыс тамақтанып, дені сау болуы!

****************************

16.02.2023 ж. Тағам сапасын анықтау комиссиясы  мектеп асханасына кезекті тексеру жұмысын жасады. Асхана тазалығы, тағамдардың күнделікті ас мәзірмен сәйкестігі, оқушы жасына сай тағамның мөлшерінің сай құйылуы, нанның, балдың, сүзбешенің , т.б. тексерілді.

 

Жаңартылған күні: 10.10.2022 11:44
Құрылған күні: 27.02.2023 20:24

Әлеуметтік желілер

Текст